×
469.17
495.07
7.56
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
469.17
495.07
7.56

800-ге жуық кәсіпорын жұмысшыларына жалақы төлемеген

21.11.2022, 10:17
фото: ашық дереккөзден

Биыл 1 қарашадағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 781 кәсіпорнының 18,9 мың жұмыскер алдында 4 млрд 359,2 млн теңгеден астам (жалақы) берешегі барын анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, аталған кәсіпорын басшыларына орындалуы міндетті 719 нұсқама беріліп, 130,1 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімін белгілеу нәтижесінде 17,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 4 млрд 234,1 млн теңге төленді.