×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Қуантыров Инвестициялық қордың төмен бағамен сатылып кеткенін мойындады

18.10.2023, 12:09
Қуантыров Инвестициялық қордың төмен бағамен сатылып кеткенін мойындады
фото: ашық дереккөзден

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстанның инвестициялық қорын мемлекет меншігіне қайтаруға қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжіліс кулуарында БАӨ өкілдері министрден инвестициялық қорды қайтару туралы шешім неліктен қабылданғанын сұрады.

"Егер қателеспесем, сату кезінде сома төмендетілген болуы мүмкін. Соңғы бенефициар есімде жоқ, өйткені монополиясыздандыру бойынша көптеген мәселелер бар. Бәрін есімде сақтай алмаймын", - деді ол.

Бұған дейін қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов сату кезінде қордың базалық құны 20-25 млрд теңгені құрағанын, бірақ оны 10,6 млрд теңгеге сатқанын айтқан болатын.

Айта кетейік, "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ активі –  "Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлік қоғамының сатылуы қоғамда біраз дау туғызды. Бірқатар БАҚ-та жүргізілген мәміле туралы ақпарат пайда болды. Нақтырақ айтқанда, мемлекет қорды 3 есе арзанға сатқаны айтылды.

Ulysmedia.kz көп дау тудырған келісімде қандай қитұрқылық барын анықтап көрген.

Инвестициялық қорды сатып алушы – "D-Personnel" ЖШС. Ашық дереккөздер мәліметінше, компания Түркістанда тіркелген, жетекшісі – Ильмурат Мәжитұлы Ахметов. Ұйым 2017 жылы мемлекетке 5 миллион теңгеден астам салық төлеген, бірақ ешқашан қосымша құн салығын төлемеген.

2020 жылы Қазақстанның инвестициялық қоры аудит рәсімінен өтіп, жақсы көрсеткіштер көрсетті. Қор шоттарында 13,7 млрд теңге, тағы 4, 7 млрд теңге бағалы қағаздарда және 12 млрд теңге ұзақ мерзімді активтер тіркелген.

Анықталған кемшіліктердің бірі – ҚДБ алдында іске асырылмаған шыны зауыты үшін 17 млрд теңге кепілдігі, бұл жағдайға қатысты жанжалдан кейін бұрынғы министр және "Бәйтерек" холдингінің бұрынғы басшысы Қуандық Бишімбаев түрмеге түскен еді.