×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Энергетикаға құйылған миллиардтар: Қазақстан қазба отындарға қанша субсидия бөледі

19.10.2023, 08:01
фото: ашық дереккөзден

EIA тәуелсіз агенттігі сарапшыларының деректері бойынша Қазақстан энергетика саласын қолдауға ЖІӨ-нің шамамен 6%-ын жұмсайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Статистикаға сәйкес, біздің ел тізімде 13-ші орында. Рейтингте алғашқы үштікке Ресей, Иран және Қытай енді.

Сарапшылар сондай-ақ мемлекет жыл сайын ел экономикасы мен халқына шамамен 12 млрд АҚШ долларын субсидиялайды деп есептейді. Атап айтқанда, сегменттер бойынша: мұнай мен мұнай өнімдеріне 4 млрд, электр энергиясына 4 млрд, сондай-ақ табиғи газ бен көмірге 2 млрд доллар субсидия құяды.

Айта кетейік, биыл Қазақстан бензин импортын 101 есе ұлғайтты. Мұндай ақпаратты Бірінші кредиттік бюроның сарапшылары жариялады. Олардың дерегінше, 2023 жылы Қазақстанға 6 мың тоннадан астам АИ-95 маркалы бензин жеткізілген. Ал 2022 жылдың дәл осы кезеңінде 60,4 тонна бензин импортталған.

Серіктес жаңалықтары