×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Смайылов жаңбырдан зардап шеккен өңірлерде неге төтенше жағдай жарияланбағанын айтты

19.10.2023, 09:22
фото: ашық дереккөзден

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қолайсыз табиғи жағдайлардан зардап шеккен фермерлерді қолдауға қатысты депутаттардың сұрауына жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Биылғы жылы жаңбырдан Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарындағы ауыл шаруашылығы өндірушілері қатты зардап шекті.

"Қолданыстағы заңнаманың нормаларына сәйкес белгілі бір жерлерде нормативтен тыс табиғи жауын-шашынның түсуі төтенше жағдай жариялауға негіз болып табылмайды. Бұл ретте, тауар өндірушілердің қолайсыз ауа-райынан ерікті сақтандыруды жүзеге асыруға мүмкіндігі бар екенін атап өту қажет, ауыл шаруашылығы министрлігі биылғы жылы 2,5 млрд теңге бөлген сақтандыру сыйлықақыларының 80% субсидиялайды", – деп жауап берді премьер.

Айта кетейік, бұдан бұрын ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров биыл дәнді дақылдардың өнімділігі төмен екенін мәлімдеген.

Министрдің сөзінше, күз басында 3 аптадан аса жауған жауын диқандарға кесірін тигізген.

«Бұл жаңа түсімнің сапасының нашарлауына, астықтың өніп кетуіне, жоғары ылғалдылық пен рефакцияға және дәнді дақылдардың төмен өнімділігіне әкелді», - деді ол.

11 қазандағы мәлімет бойынша, Қазақстанда шамамен 14,9 млн га дәнді дақылдар жиналды, бұл - барлық егіннің 86%-дан астамы. Орташа өнімділік соңғы бірнеше жылдағы ең төмен көрсеткіштердің біріне айналды және гектарына шамамен 9,2 центнерді құрады.

 

Серіктес жаңалықтары