×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

FlyArystan компаниясы Air Astana-дан қашан бөлінеді

19.10.2023, 10:18
Коллаж: Ulysmedia.kz

Депутаттық сауалға жауап берген Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов FlyArystan компаниясы Air Air Astana-дан қашан бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкімет басшысының айтынша, FlyArystan-ды Air Astana-дан бөлу жоспар бойынша кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

FlyArystan АҚ жарғысы бекітілді, компанияның ұйымдық құрылымын қалыптастыру, әуе кемелерін беру, сондай-ақ қызметтің басқа да бағыттары бойынша қайта тіркеу және жұмыстар бойынша рәсімдер жүзеге асырылады.

"Басқалармен қатар кірістер мен шығыстарды бөлек есепке алуды енгізу көзделуде. FlyАrystan пайдаланушысының жеке сертификатын алуға құжаттарды тапсыру осы жылдың төртінші тоқсанына жоспарлануда", - деді Смайылов.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіндегілер FlyArystan мен Air Astana-ны бөлу нарық пен тарифтер деңгейіне оң ықпал ететді деген пікірде.

Алайда, Питер Фостердің бұл мәселе жөнінде пайымы бөлек.

"Егер FlyArystan және Air Astana-ны жедел бөлу мәселесін қарастырсақ, онда біз тарифтердің төмендеуі жайлы сөз қозғау мүмкін емес. Керісінше, тарифтер өсуі мүмкін. Бұған қазіргі уақытта Air Astana компаниясының қызметтері мен ресурстары бойынша лоукостер пайдаланатын синергия себеп. Егер екі компания бөлінсе және бұл синергия жоғалса, онда бағаның арзандауы емес, тарифтердің өсуі туралы айтуға болады", - деді ол.

Серіктес жаңалықтары