×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Оппозиционер Марат Әбиевтің үкімі өзгеріссіз қалды

19.10.2023, 12:24
Оппозиционер Марат Әбиевтің үкімі өзгеріссіз қалды
Коллаж: Ulysmedia.kz

Астана соты  "Архитекторы будущего"  қорын құрушы Марат Әбиевке шығарылған үкімге қатысты апелляциялық шағымдарды қарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, тергеу мәліметтері бойынша, Марат Әбиев 2022 жылғы 26 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың инаугурациясы күні "Астанадағы түнгі клубта 300-ден астам адамды жинады, онда "Архитекторы будущего" фильмін көпшілік алдында көрсетіп, жиналғандарды Ақордаға қарай митингке шығуға шақырды".

21 тамызда қылмыстық істер жөніндегі елордалық ауданаралық сот кәсіпкерді ҚР ҚК 274 (көрінеу жалған ақпарат тарату) және 404-баптары (заңсыз қоғамдық және басқа да бірлестіктер құру, басшылық ету және олардың қызметіне қатысу) бойынша кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Үкіммен келіспей, Әбиев пен оның адвокаттары апелляциялық шағым түсірді.

“Сот алқасы шағымдардың уәждерін зерделеп, процеске қатысушыларды тыңдап, қылмыстық іс материалдарын зерделеп, бірінші сатыдағы соттың үкімімен келісіп, үкімнің күшін жоюға немесе өзгертуге негіздер анықталған жоқ”, – делінген сот хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енді.