×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

"Қазақстан" шахтасындағы өртті сөндіру 1 жылға дейін созылуы мүмкін – ТЖМ

19.10.2023, 14:37

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов "Қазақстан" шахтасындағы өрт туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол шахталардағы өртті сөндіру процесі өзге төтенше жағдайлардан ерекшеленетінін атап өтті.

"Өрт тау жыныстарына өтіп кеткен. Мұндай өрттерді сөндіру олардың тұйықталуы мен оттегіні шектеу арқылы жүргізіледі. Осыған байланысты арнайы гипс ерітіндісінен жасалған кедергілер орнатылып жатыр. “Қазақстан” шахтасында осындай 25 бөгет салынды. Онда температура мен газдың деңгейін өлшеу үшін арнайы люктер жасалады. Қазіргі уақытта бұл жұмыс жалғасуда. Осылайша өртті сөндіру ұзақ уақытты алады. Ол бір айдан бір жылға дейін созылуы мүмкін. Сондықтан қазір күту керек. Мысал келтірер болсам, жақында бөгеттердің бірі тексерілді, онда температура жоғары болып, түтін байқалған, сондықтан әлі де күту қажет",  –  деді министр.

Еске салсақ, 17 тамызда “АрселорМиттал Теміртау” көмір департаментіне қарасты «Қазақстан» шахтасында конвейер лентасы өртенді. Жер астында барлығы 227 жұмысшы болған. 

Өрт кезінде «Қазақстан» шахтасынан шыға алмай қалған бес кенші де қаза тапты.

Полиция ҚР ҚК 277-бабының 2-бөлігі (тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, апатқа жауапты басшылар 7 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Жуырда төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасындағы өрттің себептерін тергеу жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысының қорытындысы бойынша апатқа жұмыс беруші 100% кінәлі екенін мәлімдеген.

Серіктес жаңалықтары