×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Зеленский кеңсесінің басшысы Қазақстанның Ресейге енгізген шектеуі жөнінде пікір білдірді

19.10.2023, 17:26
Зеленский кеңсесінің басшысы Қазақстанның Ресейге енгізген шектеуі жөнінде пікір білдірді
Фото: Ашық дереккөзден

Андрей Ермактың айтуынша, тауардың 106 түрі Қазақстанда өндірілмеген, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Еске сала кетейік, бүгін Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Ресейге тауардың барлық түрі экспортталып жатқанын, алайда соғыс пайдасына жарауы мүмкін тауардың 106 түрі экспортталмайтынын мәлім еткен еді. Төребаевтің сөзінше, мұндай тауарлардың түріне дрондар, арнайы электроника, чиптер және тағы басқа тауарлар кіреді.

– Жау (РФ-ні айтып тұр) батыс компоненттерін реэкспорт арқылы алмақ болған. Макфол-Ермак тобы ресейліктерге үшінші мемлекеттер арқылы қару жасайтын маңызды компоненттер жетпес үшін біздің әріптестермен тиісті жұмысты жүргізді, – деді Ермак.

Макфол-Ермак тобы – Ресей мен Беларуське санкция саясатын әзірлейтін халықаралық сарапшылар тобы. Топ Украина президенті Владимир Зеленскийдің бастамасымен жұмысын бастаған. Оны Андрей Ермак пен Ресейдегі АҚШ елшісі Майкл Макфол басқарады.