×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Алматы облысында қызметкерін декларациясыз жұмысқа алған әкім жазаланды

19.10.2023, 18:01
gov.kz

Алматы облысы Қарасай ауданы әкімінің заңсыз әрекеті анықталды. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мониторинг нәтижесінде Жасұлан Естенов активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсынбаған үміткерді  Қарасай аудандық кәсіпкерлік бөлімі басшысының м.а. лауазымына тағайындағаны белгілі болды.

«Бөлім басшысы – мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға. Сондықтан бұл ҚР ӘҚБтК-нің 680-бабында көзделген талаптарды бұзу болып саналады (мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы). Аталған тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама жасалды. Істі қарау барысында әкім кінәсін толық мойындады»,  - деп мәлімдеді Антикор.

Аудан әкіміне 50 АЕК көлемінде, яғни 172 500 тенге айыппұл арқалады.

Айта кетейік, бұдан бұрын Павлодарда әкімнің орынбасары мен екі шенеунікке қатаң сөгіс берілді. Антикор мәліметінше, жер қатынастары мәселелеріне жетекшілік ететін әкімнің орынбасары, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, жер учаскелерін ресімдеу секторының меңгерушісі лауазымдық міндеттерін тиісті деңгейде орындамаған.

Серіктес жаңалықтары