×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Ресейлік бизнестің Қазақстанға көші: Алматы мен Астанада кеңселерді жалдау құны шарықтады

20.10.2023, 08:03
фото: ашық дереккөзден

Алғаш рет Қазақстан мегаполистерінде кеңселерді жалға алу құны Мәскеуден асып түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәселен, Қазақстанның оңтүстік астанасында бір шаршы метрді жалға алудың орташа құны жылына шамамен 46,8 мың рубльді немесе 230 мың теңгені құрайды (20 қазандағы бағам бойынша). Астанада бір шаршы метрдің құны жылына 45 мың рубльден (221 мың теңге) сәл төмен. Ал Мәскеуде жалға берілетін кеңселердің шаршы метрі жылына шамамен 41,4 мың рубльді құрайды (204 мың теңге).

Сарапшылардың пікірінше, офистік жылжымайтын мүлік бағасының күрт өсуінің басты себебі – ресейлік бизнестің Қазақстанға белсенді көшуі. Статистика көрсеткендей, 2023 жылдың басынан бастап елде тіркелген халықаралық ұйымдардың саны 38%-ға өсіп, 41 мыңнан асты, олардың көпшілігі Ресей компаниялары.

Еске салайық, бұдан бұрын Fix Price компаниясы жаһандық депозитарлық қолхаттарды FIXP.Y белгісімен қазақстандық  AIX биржасының баға белгілеу тізіміне енгізді.

Fix Price желісінің Ресей Федерациясында және жақын шет елдерде 6 мыңнан астам дүкені бар. Ол Ресейдің 80 аймағында, сондай-ақ Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Латвия және Өзбекстан аумағында жұмыс істейді. Қазақстанда Fix Price 262 дүкенді басқарады және 1,5 мыңнан астам қызметкері бар.

Бұл ірі ресейлік компаниялардың Қазақстанға алғашқы релокациясы емес. Бұған дейін Ресейдің ірі алтын өндірушілерінің бірі Polymetal акциялары Қазақстанға тіркелгеннен кейін Astana International Exchange биржасының индексіне енген болатын.

 

Серіктес жаңалықтары