×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Қазақ тілі – мәмбеттердің тілі»: Желідегі видеосынан кейін алматылықтың үстінен іс қозғалды

20.10.2023, 08:21
«Қазақ тілі – мәмбеттердің тілі»: Желідегі видеосынан кейін алматылықтың үстінен іс қозғалды
фото: ашық дереккөзден

Қазнет қазақ тілін «мәмбеттердің тілі» деп атаған алматылық бойжеткеннің видеосына шүйлікті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Желіде тараған видеода бойжеткен өзіне қазақ тілінің ұнамайтынын айтады.

«Маған қазақ тілі мүлдем ұнамайды. Шынын айтқанда, ол -«мәмбеттердің» тілі. Қазір бұл мәмбеттер ауылдардан қалаға қарай ағылып келіп жатыр, олардың кесірінен қалада кептеліс көбейді. Мен өзім Алматыданмын. Маған қазақ тілі ұнамайды, қазақ пен қырғыздың тілі -  «мәмбеттердің» тілі», – дейді бойжеткен желіде.

Қыздың мұндай мәлімдемесіне қазақстандықтар ғана емес, шетелдіктер де жаға ұстады. Желі қолданушылары бойжеткенді жауапқа тартуды талап етті.

Видеодағы жазбада бойжеткеннің тікелей эфирге жиі шығып, ұлтаралық алауыздықты қоздырып отыратыны жазылған.

Бұл жағдай Алматы қалалық полиция департаментінің назарынан тыс қалмады. Полицейлер аталған дерек ҚР ҚР-нің 174-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Айта кетейік, бұдан бұрын супермаркетте орысша  түбіртек талап еткен астаналық әйелдің әрекеті жұртты ашуландырған.