×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Бұл әкімдердің жауапкершілігі – министр Қазақстанда ұн бағасының өсуі жайлы

20.10.2023, 17:33
Бұл әкімдердің жауапкершілігі – министр Қазақстанда ұн бағасының өсуі жайлы
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қазақстанның сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев ұн бағасының өсуі туралы сұраққа жауап бере алмаған вице-министр Қайрат Төребаевтың орнына түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Арман Шакқалиевтің айтуынша, Өзбекстанда ұн мен нанның Қазақстанға қарағанда арзанырақ екендігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Ол таңертең Ташкентте бөлке нанның құны 120 теңге тұратынын анықтағанын, ал Қазақстанда мұндай әлеуметтік нанның құны 95-100 теңге шамасында екенін айтты.

"Бұл жерде құпия жоқ, сапасы жағынан қазақстандық ұн жақсырақ, оған йод қосылған. Бізде бөлке нан 95-100 теңге тұрады. Нан құнының 92% ұн құнына байланысты. 13 өңірде біз жоғары және бірінші сұрыпты ұн бағасының өскенін атап өттік. Біз шекара аймақтары бойынша ұн бағасын 10-15% қайта түсірдік, бірақ нарықта әлі тепе-теңдік жоқ. Төрт өңірде – Алматы, Астана, Қарағанды және Ұлытау облыстарында ұнда бағасының өсуі байқалады", - деді министр сауда министрлігінде өткен брифинг барысында.

Ол қазір ведомство бағаның өсуіне не себеп болғанын анықтап жатқанын атап өтті.

Шакқалиев нарықта астық өнімділігінің төмендеуі туралы ақпаратқа байланысты ұн мен нанның бағасын көтере бастаған кәсіпкерлер бар екенін айтты.

"Ұн қоры жеткіліксіз өңірлерге келсек,  бұл - 100% жергілікті әкімдіктердің жауапкершілігі. Бәрі бар, уақытылы әрекет ету керек", – деді министр.

Еске салайық, кеше экспорт және сауда-экономикалық даму мәселелеріне жетекшілік ететін сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Қазақстанда нанның құны Өзбекстанға қарағанда неге жоғары деген сұраққа жауап бере алмаған.

Бұдан бұрын ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров биыл дәнді дақылдардың өнімділігі төмен екенін мәлімдеген.

Министрдің сөзінше, күз басында 3 аптадан аса жауған жауын диқандарға кесірін тигізген.

«Бұл жаңа түсімнің сапасының нашарлауына, астықтың өніп кетуіне, жоғары ылғалдылық пен рефакцияға және дәнді дақылдардың төмен өнімділігіне әкелді», - деді ол.

11 қазандағы мәлімет бойынша, Қазақстанда шамамен 14,9 млн га дәнді дақылдар жиналды, бұл - барлық егіннің 86%-дан астамы. Орташа өнімділік соңғы бірнеше жылдағы ең төмен көрсеткіштердің біріне айналды және гектарына шамамен 9,2 центнерді құрады.