×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Қазақстандық келіншек көлігін заңдастырғаны үшін алаяқтарға 6 миллион теңге берген

22.10.2023, 08:47
Фото: Ашық дереккөз

Көкшетауда тәртіп сақшылары шетелдік көліктерді заңдастыру әрекетіне қатысты тағы бір алаяқтық фактісін тіркеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көкшетауда полицияға 23 жастағы тұрғын хабарласып, шетелдік мемлекеттік нөмірі бар бес көлікті заңдастыру барысында алаяқтықтың құрбаны болғанын айтты. Ол заңдастыру рәсіміне көмектесемін деген делдалға 6 миллион теңгеден астам ақша аударған.

Бойжеткен бейтаныс жігітке қомақты ақша бергенін айтты. Жас жігіт оның көліктерін заңдастыруға көмектесетініне сендірген. Кейіннен бұл азаматтың көліктерді заңдастыру процесіне еш қатысы жоқ болып, алынған ақшаны жеке мақсатына пайдаланғаны белгілі болды.

Жәбірленуші полицияға хабарласқан соң, Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі (алаяқтық) бойынша алдын ала тергеу басталды. Қазір полицейлер делдалдарды анықтап, қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары