×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Қазақстанда докторантураның грантын иеленгендер тізімі жарияланды

22.10.2023, 10:20

Докторантураға мемлекеттік білім гранттарының тізімі жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстанда 2023-2024 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін магистранттарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша гранттар тізімі жария болды.

Бұл ақпаратты Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтынан білуге ​​болады. Осы мақсатқа бөлінген гранттардың жалпы саны – 712.

Толық тізімді мына жерден табуға болады.

Докторантураға магистр дәрежесі және кемінде 9 ай жұмыс өтілі бар немесе медициналық мамандықтар бойынша резидентурадан өткен тұлғалар қабылданады. Сондай-ақ, докторантураға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде түсу үшін өту балы 75 балды құрайды.

Серіктес жаңалықтары