×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Қазақстандық қайырымдылық қоры Израильді қолдауға шақырды

22.10.2023, 15:58

"СЛАВА УКРАЇНІ" қайырымдылық қорының төрағасы Тұрарбек Құсайынұлы көпшілікке үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Отыз жыл бойы елімізде саяси исламизмді насихаттап, сол діни идеология арқылы Осман халифатының туын көтеріп, Қазақ елін монархиялық халифатқа айналдырғысы келген Назарбаев әулетінің қазаққа жасаған қиянаты әбден шектен шықты.

Оған дәлел  Израиль-Хамас қақтығысында өздерін "мұсылман" есептейтін қазақстандықтар мыңдаған мешіптер мен әлемжеліде палестиналық Газа секторындағы радикал антисемиттерді бірауыздан қолдап жатыр”, – деген қор жазбасында. 

Құсайынұлының пайымынша, ақиқатында Израильді әлем картасынан жойып, ұлтшыл еврей халқын тып-типыл қылғысы келетіндер - ортағасырлық Осман халифатын аңсаушылар.

“Сондықтан да қазағым саясиланған араб-парсы идеологиясына жан-тәніңмен шынайы қарсы болсаң , әлемде діни экстремизм мен терроризмді ауыздықтауда аталмыш індетпен жалғыз өзі күресіп жатқан Израиль мемлекетінің антитеррорлық іс-қимылын жан-жақты қолдауға шақырамын”, – дейді Тұрарбек. 

Серіктес жаңалықтары