×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Жаңбыр, қар, тұман: 23 қазанда он өңірде дауылды ескерту жарияланды

22.10.2023, 16:55
Фото: Ашық дереккөз

"Қазгидромет" РМК синоптиктері дүйсенбіде, 23 қазанда елдің 11 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, кей уақытта екпіні 25 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. 

Ұлытау облысында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Абай облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 23-28 м/с болады. 

Павлодар облысында жауын-шашын, күндіз облыстың солтүстік жартысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың басым бөлгінде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады 15-20, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. 

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), күндіз облыстың шығысында аздаған қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді. 

Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, екпіні 23 м/с болады.

Шымкентте солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с-ке дейін жетеді. 

Серіктес жаңалықтары