×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Павлодарда жолақысы 200 теңгеге дейін қымбаттайды

22.10.2023, 17:23
Павлодарда жолақысы 200 теңгеге дейін қымбаттайды
Фото: Ашық дереккөз

Павлодар қаласында қоғамдық көлікте жол жүру құнын 200 теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр. Оған қатысты әкімдіктің қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

«Ашық НҚА» порталында жарияланған құжатқа сәйкес, қолма-қол ақшасыз және қолма-қол төленген ақының айырмашылығы 2 есе өседі.

“Павлодар қаласының аумағында қалалық қозғалыстағы жолаушылар мен бағажды тұрақты автомобильмен тасымалдау бағыттарына келесі көлемде сараланған тариф – жолаушыларды тұрақты тасымалдау электронды төлем жүйесі арқылы, интернет желісі және байланыс құрылғыларын қоса алғанда, қолма-қол ақшасыз төлем үшін 100 теңге, ал жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеген жағдайда 200 теңге болып белгіленсін”, - делінген құжатта.

Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2 қарашаға дейін белгіленіп отыр. Ал қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.