Әлемде алтын бағасы бес айдағы ең жоғары деңгейге жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Financial Times-тің жазуынша, алтынның троя унциясы 2000 доллардан асты. Бағаның шарықтауына Таяу Шығыстағы соғыс ықпал етіп отыр.
Мамандардың айтуынша, инвесторлар Хамас пен Израиль арасындағы соғыс ұзаққа созылуы мүмкін деп алаңдаулы, сондықтан олар тұрақты активтер жинауды құп көре бастаған.
Жұма күнгі Нью-Йорктың COMEX биржасында бағалы металдың құны шарықтау шегіне жетіп, бір троя унциясы үшін 2008,5 долларға жетті. Сауда соңында алтынның бір троя унциясы 1 994,4 доллар болды.
Еске салайық, алтын бағасы қыркүйектің соңына дейін төмендеп, қазанның басынан бері өсе бастады.
Ал тамыз айында Қазақстанда халық тарапынан алтынға сұраныс артып, 3 айдағы ең жоғары деңгейге көтерілген.