×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

ІІМ күшейтілген режимге көшеді: ертеңнен бастап полицейлер жаппай көше торуылдайды

23.10.2023, 11:16
фото: ашық дереккөзден

Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айдын Оразбаев Республика күні мерекесінде еліміздің барлық өңірінде қоғамдық тәртіпті бақылау күшейтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«24-26 қазан аралығында жеке құрамның қызметі күшейтілген режимге ауысады. Әкімдіктермен бірлесіп мәдени іс-шаралар өтетін орындар белгіленді», - деді ол.

ІІМ өкілі қоғамдық тәртіпті бақылау күштері мен құралдар сақадай-сай екенін атап өтті.

«Қоғамдық тәртіпті сақтауға тартылған полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан қызметшілерінің санын 20 мыңға дейін көбейту көзделген. Адамдар көп жиналатын және демалатын орындарда полиция жасақтары болады. Сонымен қатар адамдар жиі шоғырланатын орындар жедел басқару орталықтарының бейнебақылау камералары мен визуалды бақылауға алынады. Ахуалды мониторинг үшін жедел штаб жұмыс атқарады. Штабтар барлық өңірде ашылады», - дейді ол.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстан Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха полиция ел азаматтарына Республика күнінде митинг өткізуге мүмкіндік бермейтінін мәлімдеген.

"25 қазанға арналған үндеулерге келетін болсақ, ДВК мүшелері наразылыққа шығуға шақырып жатыр, бұл –  Қазақстан аумағында қызметі заңсыз деп танылған экстремистік ұйым және, әрине, біз ешқандай митингілер өткізуге жол бермейміз", – деген еді ол.

ДВК – 2001 жылы Мұхтар Әблязов құрған қоғамдық-саяси қозғалыс. 2018 жылы Астана қаласы Есіл аудандық сотының шешімімен ДВК экстремистік ұйым ретінде танылды.

Серіктес жаңалықтары