×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Жезқазған ЖЭО-дағы жөндеу жұмыстары желтоқсанға дейін аяқталмайды

23.10.2023, 13:58
фото: ашық дереккөзден

Жезқазған ЖЭО-дағы жөндеу жұмыстары әлі бітер емес. Қазандықтарының бірі желтоқсан айының басында ғана жөнделеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Энергетика министрлігінің мәліметінше,  Жезқазған ЖЭО-дағы No4 турбинаны жөндеу 30 қазанға дейін аяқталады. №4 қазандықты 30 қарашаға дейін, №9 қазандықты желтоқсан айының басында жөндеу жоспарлануда.

"Жезқазған ЖЭО-да жұмыс тәулік бойы жүргізілуде, мердігер қызметкерлерінің жалпы саны 90-нан астам адам. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының мерзімін қысқарту үшін жөндеушілер штатын ұлғайту мүмкіндігі қарастырылуда", - делінген хабарламада.

Жезқазған қаласындағы жылу электр орталығын жөндеу жұмыстарының барысы мен жылу беру маусымының барысы Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаментінің тұрақты бақылауында екені хабарланды.

Айта кетейік, өткен жазда Жезқазған жылу электр орталығында екі мәрте апат болды: біріншісі 19 маусымда, екіншісі 13 шілдеде болды.

Жуырда жезқазғандықтар жылусыз қалуы мүмкін екені хабарланған. 19 қыркүйектегі үкімет отырысында Жезқазған ЖЭО-дағы №9 қазандықта жұмыстардың небары 4%-ы ғана орындалғаны айтылды.

Сенат депутаты Серік Шайдаров та Жезқазғандағы ЖЭО-да негізгі энергетикалық жабдықтардың тозығы жеткенін мәлімдеген. Ол жылыту маусымы басталғанға дейін  бұл жабдықтардың дайын болмау қаупі барын ескертті.

Серіктес жаңалықтары