Көлік министрі Марат Қарабаев жыл соңына дейін Астана–Алматы, Атырау– Астрахань, Ақтөбе–Қандыағаш және Талдықорған–Өскемен автожолдарының бойында қозғалыс толық ашылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жұмыс сапарымен Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарына барып қайтқан министр БАҚ өкілдерінің республиканың көлік инфрақұрылымының негізгі жобаларындағы жұмыстардың аяқталуы туралы сұрақтарына жауап берді.
Марат Қарабаев елімізде бұрын-соңды реконструкция, күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген 856 шақырым жол пайдалануға берілетінін хабарлады. Оның айтуынша, биыл құрылыс-монтаждау жұмыстарымен жалпы 11 мың шақырым қамтылған.
«Халық тарапынан бірнеше автожол жобасына қатысты алаңдаушылық туындап отыр. Олардың қатарында, Талдықорған-Өскемен, Астана-Алматы, Ақтөбе-Қандыағаш және Атырау-Астрахань жолдары бар. Биыл аталған автожолдардың бойында қозғалыс толық ашылатынын атап өткіп келеді. Келесі жылы бұл жобалар толығымен аяқталып, халық игілігіне пайдалануға беріледі», - деді министрлік басшысы.
Сондай-ақ ол облыс тұрғындары жиі көтеретін «Орал-Каспий каналында» түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу туралы сұраққа жауап берді.
«Біз облыс орталығынан өтіп жатқан Орал өзенінің Каспийге құятын жерінде жұмыс жүргізуіміз керек. Тиісті бюджеттік өтінімді премьер-министр қолдады. Сондықтан біз тереңдету қажет жерлерді көруге келдік. Олардың жалпы ұзындығы 11 шақырымды құрайды. Биыл және келер жылы аталған бассейнді сәйкестендіру бойынша үлкен жұмыстар басталады», - деді министр.