×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Қазақстанда республикалық автомобиль жолдарының жартысына жуығы ақылы болады

18.10.2021, 22:15
Фото: ашық дереккөз

Бүгінде Қазақстанда 1 қарашадан бастап жұмыс істейтін жол бөліктерін қоса алғанда 7 мың шақырымға жуық жол ақылы болады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

alau.kz-ның мәліметінше, Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев 2025 жылға қарай тағы 7 мың шақырым жол, соның ішінде алдымен бірінші санаттағы жолдар ақылы болатынын айтты. Жиналған қаржы республикалық маңызы бар жолдарды жыл бойы қамтамасыз етуге жұмсалады.

Жол жөндеуден бөлек, инфрақұрылым деңгейін арттыру жоспарланып отыр: 2021 жылдың соңына дейін жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының 66%-ы ретке келтіріледі, ал 2025 жылы бүкіл республикалық желі халықаралық талаптарға сай заманауи дәретханалармен, дүкендермен, жанармай бекеттерімен, демалыс орындарымен қамтамасыз етіледі. Қамалиев Қазақстанда бүгінде жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 96 мың шақырымды құрайтынын атап өтті. Оның ішінде 25 мың шақырымы – республикалық  және 71 мың шақырымы – жергілікті желі.

Алдағы төрт жылда 12 мың шақырым жолды салу және қайта жаңарту жоспарлануда. Осылайша бүкіл республикалық желі нормативті күйге келтірілмек.

Серіктес жаңалықтары