×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Қазақ парадзюдошылары Азиадада алтын, күміс, қола медаль иеленді

24.10.2023, 15:13
Туризм және спорт министрлігі

Ханчжоуда Азия Пара ойындары жалғасып жатыр. Тартысты ойында қазақстандық пара дзюдошылар Қазақстан командасының қоржынына үшінші алтын және бесінші күміс медальді салды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия Пара ойындарының аясында Қазақстаннан келген спортшылар пара дзюдодан бірінші, екінші орынды иеленді. Шешуші кездесуде Ерғали Шамей отандасы Асылан Нұрдәулетовпен күресті.

«Біздің дзюдошылар тағы да керемет нәтиже көрсетті! Қазақстан сіздермен мақтанады және сіздерге жанкүйер. Алдағы турнирлерде де Қазақстан гимні шырқала берсін. Жаңа белестерді бағындырып, жарқын жеңістерге жете берулеріңізге тілектеспін», - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Ал Динара Куджулова Ханчжоуда өтіп жатқан Азия Пара ойындарында қола медаль жеңіп алды. Үшінші орын үшін сайыста біздің отандасымыз өзбек спортшысы Мұхарраммхон Абдусаматованы жеңді. Жекпе-жек 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен.

Серіктес жаңалықтары