×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Көкшетауда азаматтық белсенділер қамауға алынды

24.10.2023, 14:46
Фото: Ашық дереккөзден

Көкшетау қалалық соты белсенді Бауыржан Балташев, Қуат Мұхамеджанов және Уәлихан Нығметовті 15 тәулікке қамауға алу жөнінде қаулы шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Олар бір жыл ішінде жазадан кейін қайта заңсыз жиын өткізді деп айыптаған. 

Нығметов пен Мұхамеджановқа Ақмола облысы Әділет департаментінің ғимаратында бейбіт жиынға келді деп айып таққан.

Балташев те осы эпизод үшін жазаланды, бірақ ол мемлекеттік мекеме ғимаратының жанында ғана тұрғанын ескерткен.

Ол тұста белсенділер Әділет департаментінен " Алға, Қазақстан!» оппозициялық партиясын құру туралы бастамашыл топ мүшелерінің қоятын қолын есептеуді талап еткен.

Жалпы қазан айының ортасынан бастап Қазақстанда  Республика күні қарсаңында азаматтық белсенділердің жаппай ұсталып жатқаны жөнінде ақпараттар шығып жатыр.

Мәселен, белсенді Ахмет Сәрсенғалиев Ақтөбеде қамауға алынды. Оның жақтастары Сәрсенғалиевтің азаматтық белсенділігіне байланысты қамауға алынғанына сенімді. Оны 22 қазанда ұстаған. Ұсталған адамның туыстары оны полиция көлікпен келе жатқанда тоқтатқанын айтады. Сондай-ақ, Оралдағы сот белсенді Маруа Ескендірованы 25 қазанда қазақстандықтарды митингке әлеуметтік желі арқылы шақырғаны үшін 10 тәулікке қамауға алды.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айдын Оразбаев Республика күні мерекесінде еліміздің барлық өңірінде қоғамдық тәртіпті бақылау күшейтілетінін мәлімдеген еді.

Ал Қазақстан Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха полиция ел азаматтарына Республика күнінде митинг өткізуге мүмкіндік бермейтінін мәлім еткен.

Серіктес жаңалықтары