×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Ресей билігі Қазақстандағы орыс тілінің жағдайын зерттейді

24.10.2023, 15:18
Фото: Ашық дереккөзден

Ресей билігі орыс тілінің жай-күйі және «Шетелде орыс тілін қолдау және ілгерілету» мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларының тиімділігі туралы социологиялық зерттеу жүргізуге тапсырыс беруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Ведомостиге сілтеме жасап.

Ол үшін Ресей Сыртқы істер министрлігі алты елде 35 миллион рубль жұмсап, әлеуметтік сауалнама жүргізуге тапсырым бермек.

Сауалнамалар Қазақстанда, Израильде, Үндістанда, Қытайда, Кубада және Египетте жүргізіледі. Мониторинг нәтижелері бойынша әлеуметтанушылар орыс тілінің тартымдылығын арттыру үшін коммуникациялық компонент бойынша ұсыныстар дайындайды. Ол ұсыныстар Мәскеудегі дөңгелек үстелде ұсынылады.

Саяси технологиялар орталығының президенті Борис Макаренконың айтуынша, "таңдалған елдерде орыс тіліне деген қызығушылық тарихи тұрғыда жоғары".

"Қазақстан жалпы орыс тілді ел. Жалпы, бұл елдер Ресей Федерациясына салыстырмалы түрде достық қарым-қатынаста. Оларда орыс тілін үйрену дәстүрі бар", - деді ол.

Серіктес жаңалықтары