×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

4 млн теңгеге көлік заңдастыру: қоғам белсендісі шетелден көлік әкелудің шығынын есептеп берді

25.10.2023, 10:53

Қоғам белсендісі, «Әділдік жолы» РҚБ БҚО филиалының басшысы Бауыржан Ахметжан басқа мемлекеттен келетін көліктің тіркелуінің толық есебін жариялады. Ол шетелдік көліктерге сұраныстың айтарлықтай жоғары екенін, бірақ тіркеу құнының қолжетімді еместігін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Бірнеше жылдан бері жергілікті тұрғындар көліктерді шетелден, атап айтқанда, АҚШ, Грузия, Армения, БАӘ, Оңтүстік Кореядан әкеліп жатыр. Көп артықшылық бар: олар арзанырақ әрі сапалы. Қазақстанда автокөліктерді таңдаудың жағдайы басқаша: қолданыста ескі көліктер көп және автосалондарда таңдау шектеулі. Жаңа көліктер тым қымбат, мемлекеттік тіркеу құны да қомақты», – деп жазды Бауыржан Ахметжан.

Мысал ретінде ол Грузияда 15 000 долларға (келісім бойынша 11 405 АҚШ доллары) сатып алынған АҚШ-тың 2019 жылғы Toyota RAV4 кроссоверін тіркеу құнын келтірді:

  • көлемі 2,5, 
  • бастапқы тіркеу 1 725 000 теңге;
  • утилтөлем 862 500 теңге;
  • кедендік баж салығы 15% (автокөлік құнынан) немесе 2250 АҚШ доллары = 819 552 теңге;
  • қосылған құн салығы 12% (автомобиль құнынан) немесе 1 800 АҚШ доллары = 756 472 теңге;
  • көлік құралының қауіпсіздік сертификаты 47 500 теңге;
  • брокер 60 000 теңге;
  • уақытша сақтау қоймасында сақтау 15 000 теңге;
  • кедендік баж салығы 20700 теңге.
  • Көлікті ресми тіркеу үшін 4 306 724 теңге қажет.

“Грузияға бару үшін кемінде 150 000 теңге қажет. Бейресми түрде 500 доллар төлеу керек - «көк папка» немесе бағалы қағазды алу үшін Тбилисидегі Autopapa автобазарында кеңсе ашқан алматылық жігіттер айналысады. Бұл шетелдік көліктердің бағасы Қазақстанда ресми тіркеуден өткеннен кейін де біздің елдегі көліктерден әлдеқайда арзан», - деп жазады Батыс Қазақстан облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі Ахметжан.

Серіктес жаңалықтары