×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Ақордадағы мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді

25.10.2023, 11:19
Akorda

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған Мемлекеттік туды көтеру салтанатына қатысты. Бұл туралы Ulysmedia.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға Ақорда резиденциясының алдында ұйымдастырылды.

«Құрметті қарауыл ротасының басшысы президентке рапорт берді. Бұдан кейін мемлекеттік ту көтеріліп, мемлекеттік әнұран шырқалды. Салтанатты шара ұлттық мереке – Республика күнін мерекелеудің ресми басталғанын білдіреді. Мемлекеттік туды көтеру рәсімі Қазақстанның барлық аймақтарында өтті», - делінген хабарламада.

2022 жылдан бастап Қазақстанда Республика күні жыл сайын 25 қазанда тойланады. Бұрын 1995–2009 жылдары аталып өтілген, алайда ол мерекенің күшін Нұрсұлтан Назарбаев жойған.

Серіктес жаңалықтары