×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ресей Қазақстанның аумақтық тұтастығын қорғауға көмектесуге дайын – елшілік

25.10.2023, 14:10
Ресей Қазақстанның аумақтық тұтастығын қорғауға көмектесуге дайын – елшілік
TASS

«Ресей Қазақстанның егемендігін қолдайды және қажет болған жағдайда оны қорғауға көмектесуге дайын», - деді Ресей елшілігі. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

«Құрметті қазақстандық достар, Республика күнімен шын жүректен құттықтауларымызды қабыл алыңыздар! Ресей үшін Қазақстан сауда-экономикалық алмасуларға қатысушы ғана емес, көрші мемлекет. Бұл Ресей егемендігін, тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын қолдайтын және қажет болған жағдайда қорғауға көмектесетін сенімді одақтас және интеграциялық серіктес», - делінген хабарламада.

2022 жылдан бастап Қазақстанда Республика күні жыл сайын 25 қазанда тойланады. Бұрын 1995–2009 жылдары аталып өтілген, бірақ Нұрсұлтан Назарбаев күшін жойған.

Еске салайық, бұған дейін бірқатар ресейлік депутаттар мен үгіт-насихатшылар Қазақстан туралы екіұшты пікір айтып, оның ішінде республиканың аумақтық тұтастығына күмән келтірген болатын.

Қазан айының басында Сыртқы істер министрлігі Қазақстан туралы теріс пікір айтқан шетелдіктердің тізімін жүргізіп жатқаны белгілі болды. 2022 жылы ресейлік идеолог Тигран Кеосаян Қазақстан Республикасына кіруге «қажет емес» адамдардың тізіміне енді.