×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Рубльге сұраныс күрт төмендеді: қазақстандықтар Ресей валютасынан арылуға асықты

26.10.2023, 13:34
фото: ашық дереккөзден

Жаздың соңғы айындағы рубльге деген сұраныс күрт өссе, қыркүйекте, керісінше, қазақстандықтар Ресей валютасынан арылуға асықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бірінші кредиттік бюро мәліметінше, қыркүйек айында валюта айырбастау орындарында рубльдің таза сатылымы теріс көрсеткіш көрсетті – минус 2,7 млрд теңге. Бұл қазақстандықтар Ресей валютасын сатып алғаннан гөрі көбірек сатқанын білдіреді.

Тамыз айында рубльге сұраныс артып, бір жарым жыл ішінде рекордты жаңартқан еді. Ал өткен айдағы таза сату көрсеткіші қаңтардан бергі ең төменгі деңгейге жетті.

Сонымен қатар, тамызбен салыстырғанда долларға да сұраныс төмендеді: таза сатылым 149,6 млрд теңгеден 116,2 млрд теңгеге дейін құлдырады. Америкалық валютаны Шымкент пен Алматы тұрғындары көп сатып алған: шымкенттіктер 27,5 млрд теңгеге, алматылықтар 23,4 млрд теңгеге.

Еуроның сатылымы да төмендеген – тамызда таза сатылым 14,8 миллиард теңге болса, қыркүйекте 13,8 миллиард теңгеге сатылған. Сатылымның 44%-ы – Алматының үлесі.

Айта кетейік, бұдан бұрын теңге доллар мен еуроға шаққанда айтарлықтай нығайғаны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары