×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

ШҚО-дағы төтенше жағдай: жолаушылар пойыздары кестеден кешіге ме

26.10.2023, 14:29
azh.kz

Шығыс Қазақстан облысындағы «Бұқтырма-Заводинка» теміржолында жүк пойызының рельстен шығып кетуіне байланысты тексеру жүргізіл жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ШҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының мәліметінше, машинист тежеу магистралындағы қысымның төмендеуіне байланысты пойызды тоқтатқан. Салдарынан 13-тен 24-ке дейінгі вагондар рельстен шығып кеткен. Ведомство оқиғаның себебі анықталып жатқанын мәлімдеді.

Оқиға орнына вагондарды көтеретін арнайы пойыз жіберілген.

«Аталған учаскемен жолаушылар пойызы ертең жүреді. Оған дейін тиісті жұмыстар аяқталады. Яғни, вагондардың рельстен шығып кетуі жолаушы пойыздарының қозғалысына әсер етпейді», - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұдан бұрын «Бұқтырма-Заводинка» теміржолының учаскесінде 12 вагонның дөңгелек жұптары рельстен шығып кеткені хабарланған.

Серіктес жаңалықтары