×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Астанада спорт мектебі велосипедтерді 178 млн теңгеге заңсыз сатып алмақ болған

26.10.2023, 16:42
фото: ашық дереккөзден

Астанада бюджет және мемлекеттік сатып алу заң нормаларының сақталуына талдау жүргізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қалалық прокуратура мәліметінше, елордадағы спорт мектептерінің бірі мемлекеттік сатып алу порталы арқылы басқа заңды тұлғаның балансында тұрған «Astana Bike» жүйесіне арналған велосипедтерді сатып алу бойынша конкурсты жөнсіз жариялағаны анықталды.

“Жоғарыда аталған әрекеттер Бюджет кодексінің 4-бабының 9-тармақшасына қайшы келеді және Жарғымен бекітілген мектеп қызметінің түрлеріне сәйкес келмейді. Прокуратураның қадағалау актісімен 178 миллион теңгеге заңсыз сатып алулар жойылып, кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын Алматы облысында шенеуніктер жалпы құны 20 миллион теңгеге жуық техниканы жоғары бағамен сатып алмақшы болған еді

Облыстың Цифрлық технологиялар басқармасы бір данасы үшін 497 265 теңге бағасымен 32 компьютер, бір данасы үшін 514 880 теңге бағасымен 3 ноутбук және бір данасы үшін 598 214 теңге бағасымен 4 моноблок сатып алуға конкурс жариялаған. Бұл ретте аталған тауарлардың орташа құнының мониторингі барысында бағалар тиісінше 102,78%, 77,54% және 60%-ға жоғары болғаны анықталды.

Серіктес жаңалықтары