×
448.56
478.03
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.56
478.03
4.79

Қазақстандықтардың депозиттері өсті: ел банктерінде халықтың қанша ақшасы сақтаулы

27.10.2023, 08:01
Коллаж: Ulysmedia.kz

2023 жылдың қыркүйегінде Қазақстан азаматтарының банктегі депозиттері 484 млрд теңгеге ұлғайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық банктің есебіне сүйенсек, депозиттердің жалпы көлемі шамамен 18,6 трлн теңгені құрайды. Олардың ішінде мерзімді депозиттер 248 млрд теңгеге ұлғайып, 9,9 трлн теңгеге, ал шетел валютасында – 62 млрд теңгеге ұлғайып, 4,3 трлн теңгеге жетті.

Сондай-ақ, қыркүйекте теңгемен жинақ депозиттері 74 млрд теңгеге ұлғайып, 1,36 трлн теңгеге жетті, ал шетел валютасында – 24 млн теңгеге азайып, 20,97 млрд теңгені құрады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда рубльге сұраныс күрт төмендеген. Жаздың соңғы айындағы рубль сатылымы өссе, қыркүйекте, керісінше, қазақстандықтар Ресей валютасынан арылуға асықты.

Бірінші кредиттік бюро мәліметінше, қыркүйек айында валюта айырбастау орындарында рубльдің таза сатылымы теріс көрсеткішті – минус 2,7 млрд теңгені көрсетті. Бұл қазақстандықтар Ресей валютасын сатып алғаннан гөрі көбірек сатқанын білдіреді.

Тамыз айында рубльге сұраныс артып, бір жарым жыл ішінде рекордты жаңартқан еді. Ал өткен айдағы таза сату көрсеткіші қаңтардан бергі ең төменгі деңгейге жетті.

Сонымен қатар, долларға да сұраныс төмендеді: таза сатылым 149,6 млрд теңгеден 116,2 млрд теңгеге дейін құлдырады. Америкалық валютаны Шымкент пен Алматы тұрғындары көп сатып алған: шымкенттіктер 27,5 млрд теңгеге, алматылықтар 23,4 млрд теңгеге доллар алған.

Серіктес жаңалықтары