×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Мұнай бағасы қайта өсе бастады

27.10.2023, 14:52
фото: ашық дереккөзден

Лондондық ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстерінің бағасы барреліне 89,3 доллар болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бейсенбіде бұл келісімшарттар барреліне 2,2 (2,4%) долларға арзандап, 87,93 долларды құраған. Бұл – екі аптадағы ең төменгі деңгей.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электрондық саудада желтоқсан айындағы WTI мұнай фьючерстерінің бағасы осы уақытқа дейін 1,35 долларға (1,62%) өсіп, барреліне 84,56 долларды құрады. Соңғы сессияның соңында шикізат бір баррель үшін 2,28 долларды (2,6%) жоғалтып, 83,21 долларды құрады.

Қара алтын нарығында сауда-саттық жасаушылар Таяу Шығыстағы қақтығысты қалт жібермей бақылап отыр. Сондай-ақ, сарапшылардың айтуынша, АҚШ экономикасының өсіміне қатысты статистика да мұнай бағасына әсер етпей қоймайды.

Айта кетейік, EIA тәуелсіз агенттігі сарапшыларының деректері бойынша Қазақстан энергетика саласын қолдауға ЖІӨ-нің шамамен 6%-ын жұмсайды.

Статистикаға сәйкес, біздің ел тізімде 13-ші орында. Рейтингте алғашқы үштікке Ресей, Иран және Қытай енді.

Сарапшылар сондай-ақ мемлекет жыл сайын ел экономикасы мен халқына шамамен 12 млрд АҚШ долларын субсидиялайды деп есептейді. Атап айтқанда, сегменттер бойынша: мұнай мен мұнай өнімдеріне 4 млрд, электр энергиясына 4 млрд, сондай-ақ табиғи газ бен көмірге 2 млрд доллар субсидия құяды.

Серіктес жаңалықтары