×
448.56
478.03
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.56
478.03
4.79

Қазақстан Германияға мұнай экспортын ұлғайтады

27.10.2023, 15:36
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қазақстан "Дружба" құбыры арқылы Германияға экспортталатын мұнай көлемін ұлғайту мүмкіндігін талқылап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, мұнай экспортының көлемін жылына 1,2 миллион тоннадан 2 миллион тоннаға дейін ұлғайту жоспарлануда. Ол келіссөздер жүргізілгеннен кейін түпкілікті көлем белгіленетінін атап өтті.

Бұл мәселенің күн тәртібіне шығуына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға сапарынан кейін неміс тарапының қазақстандық мұнайды жеткізуді ұлғайтуға ықылас білдіруі себеп болды.

2022 жылдың жазында, Украинада соғыс басталғаннан кейін Германия Ресейден мұнай сатып алуды тоқтатты. Елдің қаржы министрінің орынбасары Йорг Кукистің айтуынша, Германияға көмір импортының 40%-ы және мұнай жеткізілімдерінің 40%-ы Ресейдің үлесі болған.

Еске салайық, қыркүйекте Германияда сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ресейге қарсы санкцияларды айналып өту ниеті жоқ екенін мәлімдеген.

"Қазақстан санкциялық режимді ұстанатынын нақты айтты. Біз санкциялық режимді сақтау бойынша тиісті ұйымдармен байланыстамыз және неміс тарапының санкциялық режимді айналып өтуге бағытталған ықтимал әрекеттерге қатысты қандай да бір күдігі болмауы тиіс", – деді президент.

Бұдан бұрын Еурокомиссия Қазақстан және Түркия тасымалдаушыларының 22 тамызда 2021 жылы енгізілген демпингке қарсы баждарды және 2022 жылы белгіленген ресейлік компанияларға қатысты санкцияларды айналып өту ықтималдығына қатысты тергеу бастағанын мәлімдеген.

Сондай-ақ, жуырда Швеция Ресеймен көршілес елдер санкцияларды айналып өтуге көмектеседі деп күдіктенетіні хабарланған.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Индустриялық даму комитетінің басшысы Азамат Паңбаевтың айтуынша, қазақстандық банктер ресейлік компаниялармен жұмыс істегендіктен батыстық санкцияларға ұшыраудан қорқады.

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров біздің еліміздің де санкцияға іліну мүмкіндігі жайлы сұраққа жауап берген.

Серіктес жаңалықтары