×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Экологиялық талаптар: Қазақстан Қашағанда мұнай өндіруді тоқтата ма

27.10.2023, 17:16
kazpravda.kz

Қазақстан Қашаған кен орнында мұнай өндіруді тоқтатуға ниетті емес. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Наурызда экология министрлігі Қашаған операторы NCOC консорциумынан қалдықтардағы күкірттің артық болуына байланысты 5,1 миллиард доллар өндіріп алу үшін сотқа жүгінді. Алайда сот бұл талапты қанағаттандырмады және ведомство апелляциялық шағым түсірді.

"Экология министрлігінің ұстанымына сүйене отырып, күкіртті сақтау мәселелері бойынша дау туындайды... Менің ойымша, Қашағанда мұнай өндіруді тоқтатуға негіз жоқ", - деп атап өтті Сәтқалиев.

Айта кетейік, Қашағанның операторы – Eni, ExxonMobil, CNPC, Shell, Total, Inpex және “ҚазМұнайГаз” компанияларын қамтитын North Caspian Operating Company (NCOC) консорциумы.

Бұдан бұрын экология министрлігі Қашаған кен орнындағы оператормен соттасуына қатысты түсініктеме берген.

Серіктес жаңалықтары