×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

«Автогазға ауысудың қажеті жоқ»: энергетика министрлігі баға өсетінін ескертті

27.10.2023, 19:01
фото: ашық дереккөзден

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қазақстандықтарға өз көліктерін сұйытылған газға ауыстыруға асықпауға кеңес берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, 2023 жылдың басында Қазақстанның ішкі нарығын 124 мың тонна газбен қамтамасыз ету жоспарланған.

Бірақ қараша айына дейін елде автогаз тұтынудың нақты көлемі 144 мың тоннаны құрады.

"Сұйытылған мұнай газының бағасы нарықтық емес, өндірушілер үшін бұл шығынды болғандықтан олар өндіріс көлемін төмендетеді. Қазақстандағы сұйытылған газ бағасы ең төмен саналады және бұл жағдай ұзақ уақыт сақталмайды. Барлық автокөлік жүргізушілеріне көлікті газға ауыстыруға кеңес бермейміз, өйткені бағаның өсетіні шүбәсіз. Министрлік бағаның күрт өсуіне жол бермейтіні анық. Бірақ егер экспорт тапшылығы туындаса, автогаз бағасы экспорттық бағаға сәйкес болады", - деді министр.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, еліміз сұйытылған мұнай газын автомобиль көлігімен әкетуге үш жыл мерзімге және теміржол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салмақ. Энергетика министрлігі бұл шектеу Қазақстанның ішкі нарығын сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қазақстаннан автогаз әкетуге тыйым бұған дейін де салынғанын айта кеткен жөн. Мұндай бұйрықтар 2017 жылы да шығарылған, құжаттар сұйытылған мұнай газын автомобильдермен шетел асыруға 3 жылға тыйым салды. Алайда бұған дейін теміржол көлігіне қатысты шектеу болмаған.

Қаңтар-шілде айларында елімізде өндірілетін отынға жалпы сұраныстың 85%-ға жуығы қазақстандық автогаздың негізгі сатып алушылары саналатын бес елден түсті:

  • Тәжікстан – 186,7 мың тонна;
  • Алжир – 139,3 мың тонна;
  • Түркия –114,1 мың тонна;
  • Польша – 79,2 мың тонна;
  • Ауғанстан – 38,9 мың тонна.
Серіктес жаңалықтары