×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Индустрия экс-вице-министрі Тимур Тоқтабаев сотталып кетті

27.10.2023, 20:33
Индустрия экс-вице-министрі Тимур Тоқтабаев сотталып кетті
Коллаж: ulysmedia.kz.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болған Тимур Тоқтабаевқа былтыр лауазымын асыра пайдаланды деген айып тағылған еді. Сот үкімімен ол 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

- Сотталушы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, Тимур Тоқтабаев былтыр 7 қарашада ұсталған. Антикор сол тұста лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ұстаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бас прокуратурамен бірлесіп пайдалы қазбалар кен орындарын берудің заңдылығын тексеру нәтижелері бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді былтыр қарашада бастаған еді. Министрліктің лауазымды адамдары жекелеген кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесінде әрекет ете отырып, барлау сылтауымен аукцион өткізбестен пайдалы қатты қазбалар қоры белгіленген кен орындарын заңсыз бергені анықталған. Бұрын жүргізілген барлау фактісі құжаттарды бұрмалау арқылы әдейі жасырылған. Кен орындарын сату бойынша аукциондар өткізілмегендіктен, мемлекет ондаған миллиард теңге алмаған.