×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

«АрселорМиттал Теміртау» барлық кеніштерінің жұмысын тоқтатты

28.10.2023, 15:24
Фото: Ашық дереккөз

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының барлық кеніштері жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сегіз шахтадағы жұмыстың тоқтатылуы туралы ақпаратты компанияның баспасөз қызметі растады.

«Барлық шахталардың жұмысы бір күнге тоқтатылды», - делінген хабарламада.

Бүгін түнде Костенко шахтасында жарылыс болды.

Айта кетейік, «Қазақстан» кенішінде («АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі) жақында болған қайғылы оқиғадан бері небәрі 2 ай өтті.

Жақында «Қазақстан» кенішіндегі өрттен кейінгі кеншілердің қазасына басшылықтың 100% кінәлі екені белгілі болды.

АМТ кәсіпорындарындағы өліммен аяқталған жазатайым оқиғалардың барлық шектен шыққан статистикасы интернет қолданушылардың ғана емес, мемлекет басшысынан бастап шенеуніктердің де наразылығын тудырды. 

23 сәуірде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ заңгері Ирина Эм өлтірілгені белгілі болды. Оның зорлық-зомбылық белгілері бар денесін шақыртуға келген Шахтинск қаласының өрт сөндірушілері тапты. Ulysmedia.kz тілшісі бұл оқиғаның өндіріспен байланысты екенін анықтады.

Бұған дейін ҚР Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев АМТ иелігін өзгерту жоспарланып отырғанын айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары