×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Жаппай қуғын: он мыңдаған ауғандық Пәкістаннан кетуге мәжбүр

29.10.2023, 17:44
Фото: Ашық дереккөз

Пәкістан барлық заңсыз мигранттарды елден кетуге бұйрық бергені мәлім болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Он мыңдаған ауғандық Пәкістаннан шығып, отанына оралуға мәжбүр болды. Бұған дейін билік барлық заңсыз босқындар 1 қарашаға дейін елден кетуі керек деген еді, онда шеттен барған 1,7 миллион адам бар.

Құқық қорғаушылар ауған азаматтарын адам құқығы апатына ұшыратпау үшін тым кеш болмай тұрып мәжбүрлеп қайтаруды тоқтатуға шақыруда.

Заңсыз мигранттардың көпшілігі Ауғанстанға оралған соң, ауыр жазаға ұшырайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Пәкістандағы мешіт маңында теракт болғаны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары