×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Қазақ жаппай қалаға көшіп жатыр: елдегі ең урбанизацияланған аймақ аталды

30.10.2023, 11:38
azattyq.org

Ұлттық статистика бюросы «2021 жылғы халық санағының» тақырыптық жинақтарын жариялай бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мамандардың айтуынша, санақ қорытындысы бойынша елімізде қала тұрғындарының үлесі 5 пайыздық тармаққа өсті – 56,1%-дан 61,2% -ға дейін. Тиісінше, ауыл халқының үлесі 43,9%-дан 38,8%-ға дейін азайды.

"Қала халқының саны 2,7 млн-нан астам адамға артты. Өткен 12 жыл ішінде қала халқының ең жоғары өсімі еліміздің 6 өңірінде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарында байқалды.

Ең урбанизацияланған аймақ – Қарағанды облысы, онда халықтың 80% - қала тұрғындары (1 млн-нан астам адам)", - делінген хабарламада.

Республикалық маңызы бар қалалар бойынша, санақ кезінде Астанада 1,23 млн адам тұрды, елорда халқы 12 жылда 2 есе өсті. Алматыда халық саны 2,03 млн адамды құрады, мегаполис тұрғындарының саны 580,6 мың адамға артты. Шымкент қаласының халқы 1,1 млн тұрғынды құрап, 381,6 мың адамға өсті.

Айта кетейік, екі санақ аралығындағы кезеңде аталған қалалардың әрқайсысында қосымша бір-бір ауданнан құрылды.

Халқы 50 мыңнан 99,9 мың адамға дейінгі қалалар саны 8-ден 14 бірлікке дейін өсті.

Айта кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстандағы ауылдардың бірі жойылғаны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары