×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Delta Bank ісі: олигарх Тілеубаевтың қымбат мейрамханасы мен вилласы тәркіленді

31.10.2023, 09:14
Delta Bank ісі: олигарх Тілеубаевтың қымбат мейрамханасы мен вилласы тәркіленді
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі «Delta Bank» АҚ ісіне қатысты тергеу жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Агенттік мәліметінше, 2012-2017 жылдар аралығында Нұрлан Тілеубаев қайтарылмайтын несиелер беру арқылы банктен қаражатты алып шығарған.

Тергеу барысында Тілеубаев пен оның туыстарына тиесілі мүлік анықталып, оған тыйым салу туралы санкция берілгені хабарланды.

Оның ішінде Чехияның Прага қаласында орналасқан элиталық мейрамхана, төрт бөлмелі пәтер және 3 компаниядағы 100% акциялары, сондай-ақ БАӘ-дегі құны шамамен $5 млн болатын Palm Jumeirah орналасқан вилла бар.

Сонымен қатар Латвиямен ынтымақтастық аясында халықаралық тергеу кепілдігін жіберу арқылы Латвияда орналасқан «Вентспилс астық терминалының» 100% үлесін қамауға алу санкцияланды.

“Н.Тілеубаевқа тиесілі 5 қант зауыты мен 58 нысан Проблемалық несие қорына берілді. Сот үкімімен Н.Тілеубаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Қазіргі уақытта Н.Тлеубаевтың және оның компанияларының заңсыз қызметінің құрбандары ретінде «ҚазИнвестБанк» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және «БЖЗҚ» АҚ болып табылады”, – деп хабарлады ведомство.