×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Қазақстан шетелдік туристерге виза беруді жеңілдетеді

31.10.2023, 10:58
Dreamstime

Спорт және туризм министрі Ермек Маржықпаев Қазақстанға келген шетелдіктер қандай қиындықтарға тап болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкімет отырысы барысында Ермек Маржықпаев Қазақстанға келгеннен кейін шетел азаматтары үшін виза алу процесінде бірнеше кедергі барын мәлімдеді.

"Біріншісі – шақырудың болуы туралы талап, оны алуға бірнеше апта кетеді және турист әдетте қосымша ақы төлейді. Екіншісі - әуежайда төлқұжатқа виза қою процесі тағы бірнеше сағатты алады. Көбінесе рейстер түнде келеді және бұл туристік топтарға қолайсыздық тудырады. Осыған байланысты шақыруды алуды цифрландыру мәселесі пысықталуда", – деді министр және қазір E-visa арқылы елге тек халықаралық әуежайлар арқылы кіруге болатынын айтты.

Ол сондай-ақ құрлықтағы өткізу пункттерінде электрондық виза бойынша мемлекеттік шекарадан өтуге рұқсат беру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Туризм министрлігінің мәліметінше, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 3 миллионнан астам отандық азамат ел ішінде саяхат жасады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 400 мыңға артық.

Жыл соңына дейін ішкі туристер саны 9 млн адамға жетеді деп болжануда. Жыл қорытындысы бойынша көрсеткіш 1,4 млн туристке жетпек. Туристердің өсуі осы сала кәсіпкерлерінің табысын да арттырды. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша туристерді орналастыру орындары шамамен 100 млрд теңге табыс тапқан, өткен жылмен салыстырғанда өсім 30 млрд теңгені құрады.

Айта кетейік, биыл Қазақстанда bed tax жүйесі енгізілген еді. Соған сәйкес қонақүйлерге аялдайтын әр турист арнайы төлемді төлеуге тиіс болатын. Аталған қаражат жергілікті туризмді дамытуға бағытталуы керек-тін. Осыған байланысты барлық өңір өздерінің төлем мөлшерлемелерін де бекітіп үлгерді. Алайда небары 6-9 ай өткеннен кейін министрлік бұл амалдан бас тартып отыр. «Оған негізгі себеп – жиналған қаражатты жергілікті атқарушы органдардың өздерінде қалдыруы», деп түсіндірді министрліктегілер. Тұтастай bed tax тетігі енгізілгелі Қазақстан бойынша шамамен жарты млрд теңгедей қаражат жиналған. Енді шенділер тиісті бұйрыққа шұғыл түрде өзгеріс енгізіп, қолға алған амалдарынан бас тартпақ ниетте.

Серіктес жаңалықтары