×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Жел паркі мен АЭС салу технологиялары: Қазақстан мен Франция не талқылайды

01.11.2023, 10:52
Коллаж: Ulysmedia.kz

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Франция президентінің Қазақстанға сапары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бүгін Эммануэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келді. Америкалық және еуропалық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, екі ел көшбасшысының басты тақырыбы энергетикалық қауіпсіздік болады.

Осы орайда журналистер Алмасадам Сәтқалиевтен Қазақстан үшін қызығушылық тудыратын мәселелер жөнінде сұрады.

Министр өз ведомствосы желісі бойынша талқыланатын төрт мәселе бар екенін атап өтті:

- TotalEnergies  компаниясымен жел паркін салу бойынша ынтымақтастық;

- техникалық газдар өндіру корпорациясымен ынтымақтастық;

- "Қазатомөнеркәсіп" компаниясымен бірлесіп уран кен орындарын игеру бойынша ынтымақтастық;

- Қазақстанда АЭС салу үшін технологиялардың әлеуетті жеткізушілерін алдын ала іріктеу бойынша процеске қатысушы ретінде компаниялармен ынтымақтастық.

Айта кетейік, бұдан бұрын БАҚ Франция президенті Эммануэль Макрон Францияның энергетикалық қауіпсіздігін арттыру үшін Қазақстанға келе жатқанын жазған. Батыс сарапшыларының пікірінше, Еуропа елінің энергетикалық жүйесінің едәуір бөлігі урансыз жұмыс істей алмайтын атом электр станцияларына байланысты.

Ертеректе Франция уранды Батыс Африкадағы бұрынғы колонияларынан алған, бірақ Мали мен Нигердегі мемлекеттік төңкерістерден кейін бұл елдер Франциямен барлық салалардағы ынтымақтастықты қысқартты.

Bloomberg-тің жазуынша, Эммануэль Макрон Францияның ядролық реакторларын қуаттандыратын уранның екі жеткізушісі – Қазақстан мен Өзбекстанға барудағы мақсаты – елінің энергетикалық қауіпсіздігін арттыру.

Серіктес жаңалықтары