×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Таяу Шығыстағы қақтығыс: Қазақстан Голан жоталарына әскер жібереді

02.11.2023, 08:14
Shutterstock

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстанның Таяу Шығысқа әскер жіберуді қарастырып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол әскери қызметшілер қақтығыс аймағына тек бітімгершілік миссиямен және тек Голан биіктеріне бара алатынын атап өтті.

– Бізде қазірдің өзінде уағдаластықтар бар. Қазақстан Қарулы күштерінің және біздің мемлекетіміз жүргізіп отырған саясаттың арқасында бізде құзырет бар және біз Голан биіктерінде бітімгершілік миссиясын өткізу мәселесін пысықтап жатырмыз. Бізде әзірге басқа мәселелер жоқ", - деді министр.

Шенеунік қазақстандықтардың Газа секторындағы қақтығысқа қатысуы туралы сөз жоғын атап өтті. Қорғаныс министрлігінің басшысы бұл мәселеде біздің елден көмек сұралмағанын түсіндірді.

- Қазақстанның бітімгершілік функциялары БҰҰ қамқорлығымен өткізіледі, тиісінше, біздің өзара қарым-қатынасымыз аясында әлі сұраныс болған жоқ, - деп қосты Жақсылықов.

Голан жоталары – Таяу Шығыстағы аумақ, оның көп бөлігін Израиль, ал қалғанын Сирия бақылайды.

Серіктес жаңалықтары