×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Қазақстан Қытайға газ экспортын арттырады

03.11.2023, 18:10
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қазақстан Қытайға 11 млрд текше метрге дейін газ экспорттауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министр биыл индикативтік балансқа байланысты 4,5-5 млрд текше метр газ экспортталса, кейінірек экспорт көлемін 11 млрд текше метрге дейін жеткізу жоспарланып отырғанын жеткізді.

«Қазір біз жылына 11 млрд текше метрге дейінгі газ көлемі туралы айтып отырмыз, бірақ бұл көлем Қазақстанның газ өндірушілерінің мүмкіндігіне қарай жыл сайын реттеліп отырады», - деді Сатқалиев БАҚ өкілдеріне.

Айта кетейік, бұдан бұрын "ҚазМұнайГаз" басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Германияға жыл сайын 1,2 мың тонна, яғни, айына 100 мың тонна газ экспортталатынын мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ, жуырда Алмасадам Сәтқалиев баға өсетінін ескертіп, қазақстандықтарға өз көліктерін сұйытылған газға ауыстыруға асықпауға кеңес берген.

Қазақстан сұйытылған мұнай газын автомобиль көлігімен әкетуге үш жыл мерзімге және теміржол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салды. Энергетика министрлігі бұл шектеу елдің ішкі нарығын сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қазақстаннан автогаз әкетуге тыйым бұған дейін де салынғанын айта кеткен жөн. Мұндай бұйрықтар 2017 жылы да шығарылған, құжаттар сұйытылған мұнай газын автомобильдермен шетел асыруға 3 жылға тыйым салды. Алайда бұған дейін теміржол көлігіне қатысты шектеу болмаған.

Қаңтар-шілде айларында елімізде өндірілетін отынға жалпы сұраныстың 85%-ға жуығы қазақстандық автогаздың негізгі сатып алушылары саналатын бес елден түсті:

  • Тәжікстан – 186,7 мың тонна;
  • Алжир – 139,3 мың тонна;
  • Түркия –114,1 мың тонна;
  • Польша – 79,2 мың тонна;
  • Ауғанстан – 38,9 мың тонна.
Серіктес жаңалықтары