×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Кеңселер мен сауда орталықтары: Боранбаевтың активтері Алматы меншігіне қабылданды

03.11.2023, 18:01
Коллаж: Ulysmedia.kz

Активтерді тіркеу қазан айының соңында аяқталды, қазір құрылтайшылар құрамына өзгерістер енгізілуде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қайрат Боранбаевтың компаниялары Алматының меншігіне сыйға тарту шарттары бойынша қабылданды. Қала меншігіне өткен активтер:

  • Grand Hall Unity (меншікті жалға беру және басқару);
  • "Алмтрэйд" (элиталық алкогольдік сусындардың әлемдік брендтері тауарларының көтерме саудасы);
  • F Link (фитнес-клубтар қызметі).

"Сондай-ақ, Қаржы-шаруашылық қызметті бақылау, мүлікке түгендеу жүргізу және бес жылдық кезеңге арналған даму жоспарларын жасау мақсатында бақылау кеңесін құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", - делінген әкімдік хабарламасында.

Еске салайық, жуырда белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев ісі бойынша апелляциялық сот үкімі шықты. Сот кәсіпкердің жазасын жеңілдетті. Ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Боранбаевтан мемлекет кірісіне:

  • Алматыдағы әл-Фараби даңғылындағы коммерциялық үй-жай және  686 млн теңгенің жер учаскесі;
  • Банк шотындағы 1 млрд 270 млн 190 мың теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражат;
  • Халық банкіндегі түрлі шоттардағы 5 млн 685 мың 727 доллар, 1 млн 170 мың 329 доллар, 755 млн 859 мың 601 теңге, 193 млн 170 мың 137 теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражат тәркіленді.

Сондай-ақ, Қайрат Боранбаев мемлекетке құны 1,4 млрд теңгеден асатын қонақүйді тапсырды, білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңгеден астам қаржы аударды және өзінің меншігіндегі сауда орталығы мен фитнес желісін мемлекет меншігіне өткізді. 

Бұдан бөлек, кәсіпкердің жалпы құны 58 млрд теңге болатын кен орны, зауыты пен компаниясы мемлекетке өтті.

20 қарашада Боранбаевтың түрмедегі жазасы бас бостандығын шектеуге алмастырылғаны белгілі болды.Сотталушы пробациялық бақылауда болады.

Серіктес жаңалықтары