Жасөспірім алған жарақаты салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
mgorod.kz-ның мәліметінше, қайғылы жағдай 17 қазан күні сағат 18:45-те болған. Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 102-ге 11 ықшамаудандағы №112В көпқабатты үйдегі терезеден жасөспірім құлап кеткені туралы хабар келіп түскен.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 13 жастағы қыздың мәйітін тапты. Ол 25 қабатты үйдің 20-қабатынан секіріп кеткен.
«Кәмелеттік жасқа толмаған қыз жедел жәрдем келгенге дейін алған жарақаты салдарынан көз жұмды. Оқиғаның себебі әлі белгісіз. ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.