×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты

06.11.2023, 07:45
Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты
Коллаж: Ulysmedia.kz

Белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев қамаудан босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Дереккөздердің хабарлауынша, ол 2023 жылдың 4 қарашасында бостандыққа шықты.

Қайрат Боранбаев 11 қазаннан бастап ЕЦ-166/1 мекемесінде қамауда болды, 12 қазаннан Ақмола облысындағы Гранитный ауылындағы №7 орташа түзеу мекемесіне ауыстырылған.

Еске салайық, жуырда белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев ісі бойынша апелляциялық сот үкімі шықты. Сот кәсіпкердің жазасын жеңілдетті. Ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Боранбаевтан мемлекет кірісіне:

  • Алматыдағы әл-Фараби даңғылындағы коммерциялық үй-жай және  686 млн теңгенің жер учаскесі;
  • Банк шотындағы 1 млрд 270 млн 190 мың теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражат;
  • Халық банкіндегі түрлі шоттардағы 5 млн 685 мың 727 доллар, 1 млн 170 мың 329 доллар, 755 млн 859 мың 601 теңге, 193 млн 170 мың 137 теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражат тәркіленді.

Сондай-ақ, Қайрат Боранбаев мемлекетке құны 1,4 млрд теңгеден асатын қонақүйді тапсырды, білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңгеден астам қаржы аударды және өзінің меншігіндегі сауда орталығы мен фитнес желісін мемлекет меншігіне өткізді. 

Бұдан бөлек, кәсіпкердің жалпы құны 58 млрд теңге болатын кен орны, зауыты пен компаниясы мемлекетке өтті.

20 қарашада Боранбаевтың түрмедегі жазасы бас бостандығын шектеуге алмастырылғаны белгілі болды.Сотталушы пробациялық бақылауда болатыны хабарланды.