"Қазақстан ханымы-2011" Виктория Момынбаева өзінің жұбайы - кәсіпкер және "ҚазМұнайГаздың" бұрынғы топ-менеджері Марат Момынбаевтың қамауға алынуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Зайыбының айтуынша, Марат Момынбаев Астанада досының туған күнін мерекелеуден оралып, "қонақүй күзеті тарапынан түсініспеушілікке тап болды".
"Оның Астанаға сапарының мақсаттары мен қонақүйді таңдау себептері туралы орынсыз сұрақтар қойылған сияқты, күтпеген әңгіме жанжалға әкеліп соққан", - деді ол.
Момынбаева күйеуі мен қонақүй күзеті арасында болған жағдай "қандай да бір физикалық қақтығыссыз ауызша келіспеушілік болғанын" атап өтті.
"Заң мен тәртіпке қатаң ұстанатынымызды ескерсек, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және сөгіс беру өте әділетсіз болып көрінеді және алаңдаушылық тудырады. Жеке шекараны және әділеттілік принциптерін құрметтеу бізге бұл мәселеде әділеттікке жетуге көмектесетініне сенімдіміз. Мен әрқашан біздің өмірлік ұстанымдарымыз бен отбасылық құндылықтарымызды алға шығарамын және адамды оның іс-әрекеттеріне қарап бағалау қажеттігін атап өту маңызды деп санаймын", - деді ол.
"Бизнестегі кедергілер"
Виктория Момынбаеваның пікірінше, Момынбаевтың "дау-дамайда абайсызда айтылған сөз үшін" 15 тәулікке қамалуы – тым қатаң жаза.
"Бұл оқиға және одан кейін шыққан сот шешімі күйеуімнің бизнесіндегі кедергілерге қатысты болуы мүмкін болғандықтан, алаңдаушылығымды жасыра алмаймын. Біз бұл істі пропорционалды емес шешім ретінде ғана емес, сонымен бірге жосықсыз бәсекелестіктің дәлелі ретінде қарастырамыз, бұл біздің осы жағдайда әділдікке жетуге деген ұмтылысымызды екі есе арттырады. Біз заң мен тәртіпті құрметтеудің маңыздылығын мойындаймыз, бірақ барлық реакциялар әділ және негізді болуы керек деп санаймыз. Біз бұл шешім қайта қаралады деп үміттенеміз және әділеттілікке сенеміз", – деп түйіндеді ол.
Марат Момынбаевтың қамауға алынуы
Кәсіпкерге ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылды – Астанадағы сот 15 тәулікке қамауға алу туралы шешім қабылдады. Қылмыс жасалған кезде Момынбаев мас күйінде болған деп хабарланды – ол қонақүйдің қауіпсіздік қызметкерімен жанжалдасып, қоғамдық орында балағат сөздер айтқан.
Момынбвев өзінің кінәсіз екенін алға тартты, бірақ Астананың апелляциялық алқасы сот қаулысын өзгерткен жоқ. Айта кету керек, қамауға алынған күні кәсіпкер жоғары лауазымды тұлғалармен кездесуге қатысуы керек болған.
Тоқаевқа хат
Момынбаев тергеу изоляторында отырып, президентке жүгінді – кәсіпкер өзінің кінәсіз екенін айтып, дереу босатуды талап етті.
Марат Момынбаев деген кім
Кәсіпкер бұған дейін әртүрлі ұйымдарда жетекші лауазымдарды атқарған. Ол 2008 жылы ҚМГ-да Корпоративтік даму жөніндегі басқарушы директор болды. Сонымен қатар, кәсіпкердің Қазақстанның БҰҰ жанындағы дипломатиялық өкілдігінде жұмыс тәжірибесі болды, онда ол елші қызметін атқарды. Сондай-ақ VERTEX АҚ Директорлар кеңесін басқарды.
Виктория Момынбаева несімен танымал
Виктория Момынбаева – кәсіпкер, блогер. "Қазақстан ханымы-2011" атағының иегері, көпбалалы ана және бірнеше ірі жобалардың негізін қалаушы.