×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Қазақстанда әйелдердің басым бөлігі қай салада еңбек етеді

09.11.2023, 10:51
sputnik.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылған халық саны - 9 188 мың адам, 2009 жылғы санақпен салыстырғандағы өсім – 39,2%, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жұмыспен қамтылғандардың негізгі үлесі қалалық елді мекендерде – жұмыспен қамтылған халықтың 62,5% немесе 5,7 миллионнан астамы. 2009 жылы қалалардағы жұмыспен қамтылған халықтың үлесі 57,1% немесе 3,8 млн адам болған. Жас тобы бойынша жұмыспен қамтылғандардың ең көп саны 30-34 жас аралығында – 1 450 мың адам.

2009 жылғы санақ қорытындысымен салыстырғанда 2021 жылы жоғары білімі бар халықтың жұмыспен қамтылу үлесі 27,1%-дан 30,8%-ға дейін артты. Жұмыспен қамтудағы әйелдердің үлесі 2009 жылғы 45%-дан 2021 жылы 48%-ға дейін немесе 1,4 млн адамға артты.

“Салалар бөлінісінде жұмыспен қамтылғандардың ең көп саны ауыл шаруашылығында – 1,41 млн адам немесе жұмыспен қамтылған халықтың 15,3% (17,9% – 2009 жылы). Одан кейін көтерме және бөлшек сауда – 1,35 млн адам немесе 14,7% (12,9% – 2009 жылы). Жұмыспен қамту бойынша үшінші орынды өнеркәсіп саласы алады – 1 млн адам немесе 11,1% (11,5% – 2009 жылы)”, – делінген хабарламада.

Барлық жұмыспен қамтылған халықтың ішінде ерлердің ең көп үлесі немесе 17% ауыл шаруашылығында, ал әйелдер бойынша негізінен сауда саласында – 16%.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстанның 8 өңірінде жұмыссыздар көбейгені хабарланған.

Қазақстанның экономикалық зерттеулер институтының сарапшылары Лондондағы әріптестерімен бірлесіп жұмыспен қамту мәртебесін және оның халықтың әл-ауқатына әсерін бағалау үшін зерттеу жүргізді. Зерттеу аясында аймақтық әл-ауқат индексі жасалды. Халықтың еңбек нарығының статистикалық көрсеткіштерін талдай отырып, жұмыссыздық проблемасы 20 өңірдің 8-інде: Түркістан, Маңғыстау, Жетісу, Абай, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларында аса өткір екені белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары